Takeda ID жайлы құпиялылық хабарлама
Құпиялылық туралы хабарламаның күшіне ену күні: қараша 2023.
Сіздің құпиялылығыңыз біз үшін маңызды. Бұл Құпиялылық туралы хабарламада («Хабарлама») сіз туралы жиналатын дербес деректердің сипаты мен «Такеда Қазақстан» ЖШС-нің оларды Тұтынушылармен қарым-қатынасты басқарудың (CRM) бір бөлігі ретінде қалай пайдаланатыны көрсетілген.
Такеда — бүкіл әлем бойынша қатысуы бар компаниялар тобы. Такеда компаниясы (бұдан әрі — «Такеда», «біз») Takeda Pharmaceutical Company Limited (Такеда Фармасьютикал Кампани Лимитед) бас компаниясы мен оның еншілес компанияларын білдіреді. Жергілікті еншілес компанияның байланыс деректерін алу үшін мына сілтеме арқылы тиісті Такеда веб-сайтына кіріңіз https://www.takeda.com/who-we-are/company-information/worldwide-offices/.
Такеда қандай ақпарат жинайды және біз оны қалай пайдаланамыз.
Takeda Pharmaceutical Company Limited, оның еншілес компаниялары мен байланысқан компаниялары (бұдан әрі — «Такеда») өз қызметін жүзеге асыру кезінде маркетинг, зерттеу, білім беру, фармакологиялық қадағалау (қауіпсіздік) бойынша есептілік, байланыс немесе қаржылық ақпаратты растау, біліктілікті растау және ұсынымдарды тексеру мақсаттарында Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде дербес деректеріңізді (дербес деректерге мыналар жатады: толық аты-жөніңіз; лауазымыңыз; байланыс деректеріңіз; заңды мекенжайыңыз; сондай-ақ жоғарыда ашып көрсеткен дербес деректеріңіз) жинауға, өңдеуге, пайдалануға және халықаралық деңгейде беруге немесе осы әрекеттерді Такеда атынан үшінші тұлғалардың орындауына сіздің рұқсатыңызды сұрайды. Такеда сіздің қызығушылығыңызды тудыруы мүмкін ақпаратты беру мақсатында WhatsApp Business немесе басқа лездік хабар алмасу платформасын (Viber, Telegram, Messenger немесе мәтіндік SMS) қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, электронды жеткізім құралдары арқылы мерзімді түрде хабарлама жіберетін болады. Бұл төмендегілерге қатысты ақпарат пен шақыруларды (қажет болған жағдайда) қамтиды:
(i) медициналық білім беру, оның ішінде алдағы конференциялар мен семинарлар, онлайн және офлайн курстар сияқты ғылыми және білім беру іс-шаралары туралы ақпарат, сондай-ақ өткізілген конференциялар мен семинарлардың баяндамалары;
(ii) медициналық ақпарат, оның ішінде өнімдер мен клиникалық жаңартулар туралы жалпы мәліметтер, Такеда өнімдері мен зерттеулері туралы ақпарат, сондай-ақ пациенттерге арналған ресурстар;
(iii) Такеда жүргізген (денсаулық сақтау саласындағы басқа серіктестерімен бірге) клиникалық сынақтар;
(iv) Такеданың бизнес зерттеулері, маркетингтік және жарнамалық іс-шаралары, белсенділіктері мен материалдары, соның ішінде Такеда сервистері мен мамандандырылған бағыттары туралы ақпарат, Такеданың медициналық жай-күйлер және Такеда өнімдері мен қызметтерінің пайдасы туралы маркетингтік зерттеулеріне, сондай-ақ жақын арада Такедамен әрекеттесуіңізге байланысты пікірлеріңізді жинау және қызмет көрсетуімізді жақсартуға көмектесу мақсатында клиенттердің қанағаттануы туралы сауалнамаларға қатысуға шақырулар;
(v) Такеда өкілдерімен қашықтан/виртуалды кездесулерге қатысуға шақырулар; және
(vi) Такеда веб-сайтының жаңартулары мен онлайн материалдар.
(vii) Такеда компаниясы сіз Такеда өнімдерін қолдануға байланысты оған хабарлаған қауіпсіздік ақпараты (мысалы, жағымсыз құбылыстар, ерекше жағдайлар және өнім сапасына қатысты шағымдар) туралы қосымша мәлімет сұрау мақсатында сізге хабарласуы мүмкін.
Такеда дербес деректерді Такеда есептік жазбасының жетекшілері мен басқа да қызметкерлері (мысалы, Medical Science Liaisons, «MSL») жинаған ақпаратты жазу, жаңарту, іріктеу, өңдеу және сұрыптау жолымен өңдейді. Бұл профильдеу әрекеттері сіздің, дәрігер мен клиенттеріміздің телефонмен сөйлесуі кезінде немесе сіз бен басқа Такеда қызметкерлерінің кездесуі кезінде жиналған ақпаратты интерпретациялауды, сондай-ақ жалпыға қолжетімді арналардағы ашық деректерді (мысалы, конференция немесе басқа білім беру іс-шараларындағы дәрістер) талдауды қамтиды.
Такеда сіз қызмет көрсетуге жазылғанда, бізбен келісім-шарт жасасқанда, өтініш бергенде, сондай-ақ басқа да ықтимал әрекеттесу барысында тікелей сізден ақпарат жинайды. Сіз біздің сайттарға кіргенде, жарнамаларымызды көргенде немесе өнімдерімізді не қызметтерімізді пайдаланған кезде ақпаратты автоматты түрде жинайтын технологияларды пайдалана аламыз.
Сондай-ақ біз сіз туралы ақпаратты сатушыларымыз, жеткізушілеріміз, мердігерлеріміз бен бизнес серіктестеріміз сияқты үшінші тұлғалардан жинай аламыз.
Сіздің дербес деректеріңізді жоғарыда сипатталғандай пайдалану өнімдерімізді ілгерілету және аурулар туралы хабардар ету бойынша заңды мүдделерімізге қызмет етуге; сіздің алдыңыздағы келісімшарттық міндеттемелерімізді орындауға; біздің заңды міндеттемелерімізге және сіздің келісіміңізге негізделген.
Біз дербес ақпаратты қалай береміз
Біз деректерді қызмет провайдерлеріне (мысалы, негізгі функциясы сіз беретін деректердің дұрыстығын тексеру болып табылатын жеткізушілерге) және жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерімізге (мысалы, техникалық қолдау, сыртқы консультанттар не сыртқы заңгерлерге) береміз. Сондай-ақ ақпаратты Такеда бақылайтын еншілес және тәуелді ұйымдарға беруіміз мүмкін. Такеда дербес деректерді сіздің тұрғылықты еліңізден басқа елдерге жібере алады. Қабылдаушы елдердің заңдары сіздің тұрғылықты еліңізге қарағанда дербес деректерді қорғауда азырақ қатаңдық танытуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Такеда қабылдаушы елде тиісті қауіпсіздік шараларының сақталуын және осындай деректерді беруге қатысты қолданыстағы заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Біз сіздің дербес деректеріңізді қанша уақыт сақтаймыз
Такеда сіздің дербес деректеріңізді заң бойынша ұзағырақ сақтау мерзімі талап етілетін жағдайларды қоспағанда, осы Хабарламада сипатталған мақсаттарды орындауға қажетті ең аз мерзімге ғана сақтайды. Егер сіз кез келген Такеда өнімінің қауіпсіздігіне қатысты мәселелер туралы хабарласаңыз, сіздің деректеріңіз үнемі сақталуы мүмкін.
Сіздің қандай құқықтарыңыз бар және дербес деректеріңізге қалай қол жеткізуге болады?
Сіз жоғарыда көрсетілген мекенжайға электрондық хат жіберу арқылы Такеда сіз туралы жинаған дербес деректеріңізге қол жеткізуді немесе олардың көшірмесін сұрай аласыз, Такеда жинаған дербес деректеріңізді толықтыра аласыз немесе Такеда компаниясынан дербес ақпаратыңызды тоқтатуды не жоюды сұрай аласыз. Жоғарыда аталған кез келген сұранымыңызды Такеда (Pty) Ltd. барлық Такеда компаниялар тобы үшін тиісті түрде өңдейді. Такеда компаниясында деректердің құпиялылығын қорғау жөніндегі маман лауазымы бар. Егер сіз Такеда компаниясына берген дербес деректеріңізге қол жеткізуді, түзетуді немесе жоюды сұрағыңыз келсе, мына электронды пошта мекенжайына жазыңыз: privacyoffice@takeda.com
Сіздің жоғарыда көрсетілгендей, дербес деректеріңізді жинаудан және пайдаланудан бас тарту туралы өтініш білдіруге құқығыңыз бар. Алайда, бас тартқан жағдайда сіз біздің өнімдер немесе білім беру туралы ақпаратты ала алмайсыз немесе Такеда ұсынатын қызметтерді пайдалана алмайсыз.
Егер Такеда компаниясының сіздің ақпаратыңызды қалай өңдейтіні немесе осы құпиялылық туралы хабарламаға қатысты құқықтарыңыз бойынша сұрақтарыңыз болса, келесі сілтеме бойынша Такеда компаниясының құпиялылық туралы хабарламасымен таныса аласыз.
Келісім
Егер сіз кез келген Такеда компаниялар тобының мүшесі сіздің дербес ақпаратыңызды жинауына, өңдеуіне, пайдалануына және халықаралық деңгейде жіберуіне және осы мақсаттарда сізге тұрақты негізде электронды жеткізім құралдары (мысалы, электронды пошта, WhatsApp Business немесе Viber, Telegram, Messenger сияқты басқа лездік хабар алмасу сервистері немесе мәтіндік SMS) арқылы хабарласуына келіссеңіз, төменде «Иә, қабылдаймын» белгісін қою арқылы растаңыз.
Мен осы Құпиялылық туралы хабарламада сипатталған мақсаттар үшін Такеда компаниясының дербес деректерімді жинауына және өңдеуіне келісім беремін.
Мен Такеда компаниясының электронды жеткізім құралдары (мысалы, электронды пошта, WhatsApp Business немесе Viber, Telegram, Messenger сияқты басқа лездік хабар алмасу сервистері немесе мәтіндік SMS) арқылы маған өнімдер (соның ішінде Такеда компаниясы сататын дәрілік препараттар) мен қызметтер туралы ақпаратты жіберу мақсатында хабарласуына келісемін.
Менде әрбір хабарламаның астындағы жазылымнан бас тарту сілтемесін пайдалана отырып, электронды хат-хабарды алудан бас тарту құқығы болатынына келісемін.